БЖЗҚ алдында өтелген берешектердің жалпы сомасы 1,67 миллиард теңгені құрады

1525

БЖЗҚ  алдында өтелген берешектердің жалпы сомасы 1,67 миллиард теңгені құрады

2014 жылдан 2017 жылдың 31 шілдесіне дейінгі аралықта БЖЗҚ  алдында өтелген берешектердің жалпы сомасы 1,67 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды enpf.kz.
Проблемалық активтер бойынша мүмкін болатын шығындарға қарсы арнайы провизия (резервтер) құрылған. Қор өндіріп алған берешек сомалары провизияларды қалпына келтіруден түскен табыс болып есептеледі және салымшылар мен алушылардың зейнетақы шотына үлестіріледі. 
Атап өту керек, берешектерді азаматтық тәртіпте өндіріп алу тәсілдері таусылған жағдайда, қор проблемалық эмитенттердің қызметін және олардың лауазымды тұлғаларының компанияны төлем қабілетсіздігіне жеткізгендігін тексеру үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінуге шешім қабылдады. 
Зейнетақы қоры 16 эмитент бойынша прокуратура органдарына және аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық зерттеу қызметіне арыз жолдады. 
БЖЗҚ зейнетақы активтеріне Қазақстан республикасы аумағында ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де залал келтірген тұлғаларға қатысты сот шешімінің шығарылуына күш салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу